15 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №822 

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 12 қазан, Астана, Үкімет Үйі «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке: 1) 2015 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – екі жүз жиырма теңге мөлшерінде; 2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап екі жүз қырық теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.